Қазақстандық жартасқа өрмелеушілер Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді

583

Олар – Әмір Маймұратов пен Тамара Ұлжабаева.

Қазақстандық жартасқа өрмелеушілер Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді Фото: olympic.kz

Тайань (Қытай) қаласында бүгінде спорттық жартасқа өрмелеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді, деп жазады  inbusiness.kz сайты.

Турнир аясында Қазақстанның екі спортшысы жеңіс тұғырынан көрінді. Отандық жартасқа өрмелеушілер "жылдамдық" пәні бойынша екі күміс жүлдеге ие болды.

Финалда Әмір қытайлық Пэну Вуден жеңілсе, Ұлжабаева Шисюэ Мэнге (Қытай) есе жіберді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу