Әзербайжанның Баку қаласында 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күрес түрлерінен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасы жарысты 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальмен қорытындылады.
Еркін күрестен Бақдәулет Ағабек (48 келіге дейін) әлем чемпионы атанды. Мардан Орынбасар (60 келіге дейін) мен Әділет Рысбай (71 келіге дейін) қола жүлде иеленді.
Грек-рим күресінен Дияр Аманәлі (55 келіге дейін) алтын медаль жеңіп алды. Әли Алмас (48 келіге дейін) күміс, Әлинұр Төлеуғали (71 келіге дейін) қола жүлдеге ие болды.
Әйелдер күресінде Айша Әбдімәлік (65 келіге дейін) күміс медаль алды. Інжу Баққожа (46 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.