Қазақстандық жас бессайысшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

257

Қазақстан ерлер құрамасы командалық эстафетада алтыншы орын алды.  

Қазақстандық жас бессайысшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді Фото: olympic.kz

Литваның Каунас қаласында қазіргі бессайыстан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан құрамасынан Тамирлан Төлегенов пен Берік Хамза ерлер арасындағы іріктеу кезеңі мен жартылай финалда сәтті өнер көрсетіп, финалға жолдама алды. Ақтық сында Тамирлан Төлегенов 23-орынға, Берік Хамза 25-орынға тұрақтады.

Ал командалық эстафетада Берік Хамза мен Тамирлан Төлегенов алтыншы орын алып, үздік ондыққа кірді.

Әйелдер арасындағы командалық эстафетада Яна Беспалова мен Сабина Ахмедина 12-орыннан көрінді.

Аралас командалық эстафетада Яна Беспалова мен Тамирлан Төлегенов 13-орын алды.

Командалық есепте Қазақстанның ерлер құрамасы (Берік Хамза, Тамирлан Төлегенов, Нұрғали Өмірсерік) сегізінші орынға ие болды. Әйелдер құрамасы (Яна Беспалова, Сабина Ахмедина, Диана Гренц) 14-орынды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу