Қазақстандық жас футболшылар арасында жаппай төбелес орын алды

116

Төбелес салдарынан футболшылар ауыр жарақат алды. 

Қазақстандық жас футболшылар арасында жаппай төбелес орын алды

Шымкентте өткен "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар командалары арасындағы жолдастық матч жаппай төбелеспен аяқталды.

"Ақтөбе" ойыншысы Әмір Тулеевтің жақ сүйегі сынып, тістері түсіп қалған. Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, онымен бірге тағы бір ойыншы ауруханаға жеткізілген.

"Бүгін таңертең Шымкент қаласында жергілікті "Ордабасы" мен "Ақтөбе" жастар командалары арасында бақылау матчы өтіп жатты. Екінші таймның басында ойын эпизоды нәтижесінде келіспеушілік орын алып, арты жаппай төбелеске ұласты.

Өкінішке қарай, жанжал салдарынан "Ақтөбенің" екі жас ойыншысы ауруханаға жеткізілді. Біреуінің жағы сынып, екіншісі ерін (иек) жарақатын алды. Алғашқысына ота жасалады.

"Ақтөбе" футбол клубы зорлық-зомбылықты қатаң сынай отырып, тиісті органдар аталмыш жағдайды мұқият тергейді деп сенім білдіреді. Сондай-ақ "Ақтөбе" жасөспірімдеріміздің тез сауығуын тілейді және ем үшін қажеттінің бәрін жасайды, – деп мәлімдеді "Ақтөбе" жастар клубының баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, матч 9 наурыз күні өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу