Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстан құрамасының мүшесі U13 жас санатында топ жарып, алтын медаль иеленді.
Жарыс барысында Жәния словениялық Эма Калужа, үндістандық Каавья Сарин, сингапурлық Линь Цзяцзюнь, хорватиялық Стелла Пресецки, Ника Грегурец және Петра Липовшчакты 3:0 есебімен жеңді.
Финалда қазақстандық спортшы Сингапур өкілі Хуан Кристалды 3:1 есебімен ұтты.
Айта кетейік, бұған дейін Жәния Бекмұхамбетова Хорватияда өткен WTT Youth Contender турнирінде күміс жүлдеге ие болған.