Қазақстандық жас спортшылар жағажай волейболынан әлем чемпионатына қатысып жатыр

244

Гаага қаласы әлемнің жас волейболшыларын қабылдауда.  

Қазақстандық жас спортшылар жағажай волейболынан әлем чемпионатына қатысып жатыр Фото: olympic.kz/

Нидерландтың Гаага қаласында жағажай волейболынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Турнирде Қазақстан құрамасының намысын ерлер арасында Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш қорғайды. Спортшылар "Е" тобында өнер көрсетіп, Эстония, Чили және Литва құрамаларымен кездеседі.

Ал әйелдер арасындағы жарыста Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет ел намысын қорғайды. Олар "G" тобында Латвия, Венесуэла және Канада командаларымен бақ сынайды.

Әлем чемпионаты 12 шілдеге дейін жалғасады. Қазақстандық спортшыларға сәттілік тілейміз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу