Қазақстандық жас таеквондошылар халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды

183

Отандық спортшылар Ресейдегі жарыста бір күміс және екі қола жүлде иеленді.  

Қазақстандық жас таеквондошылар халықаралық турнирде 3 медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Ресейдің Одинцово қаласында өткен таеквондодан халықаралық турнирді үш медальмен аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

68 келіден жоғары салмақта Любовь Юн күміс жүлдеге ие болды. Осы салмақта өнер көрсеткен Нұрила Жарас қола медаль жеңіп алды.

Ал 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген үздік үштіктен көрініп, Қазақстан құрамасына тағы бір қола жүлде сыйлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу