Қазақстандық жас талант португалиялық командамен келісім-шартқа отырды

170

80 жылдық тарихы бар "Атлетико Малвейра" командасы таланттарды іріктеп, оларды ересектер футболына бейімдеп, кейін Еуропаның алпауыт клубтарына сатумен айналысады.

Қазақстандық жас талант португалиялық командамен келісім-шартқа отырды

Қазақстандық жас футболшылар Португалия футболында көзге түсіп келеді. Осыған дейін отандастарымыз тек жастар командаларында ойнаса, Афуан Дәулетұлы Португалияның ересектер клубымен кәсіби келісімшартқа отырған тұңғыш қазақстандық атанды.

19 жастағы жартылай қорғаушы Лиссабоннан 40 шақырым жердегі Мафра қаласының "Атлетико Малвейра" клубымен келісімшарт бекітті. Оның мүддесін танымал агент Паулу Барбоза қорғайды. Мамандар Афуанның техникасы мен ойын оқу қабілетін жоғары бағалап отыр.

Футболшы алғашқы қадамдарын Георге Хаджидің академиясында бастап, кейін Португалияда шыңдалды. Бірқатар елдерден ұсыныс алғанына қарамастан, ол даму үшін "Атлетико Малвейраны" таңдады. Келісім-шарт 1+1 жүйесімен жасалған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу