Қазақстандық жас теннисшілер Ташкенттен 7 медальмен оралды

97

WTT Youth Contender Tashkent II турнирінде ұлттық құрама екі алтын, бір күміс және төрт қола жүлде иеленді.  

Қазақстандық жас теннисшілер Ташкенттен 7 медальмен оралды Фото: olympic.kz

Ташкентте (Өзбекстан) өткен үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Байрақты додаға 22 елдің жас спортшылары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы түрлі жас санаттарында 7 медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдеге Алан Құрманғалиев (U19) пен Жәния Бекмұхамбетова (U13) ие болды.

Күміс медальді Назерке Болатбек (U11) жеңіп алды.

Сонымен қатар Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева U11 жас санатында қола жүлдегер атанды.

Қазақстандық спортшылардың бұл нәтижесі жасөспірімдер арасындағы үстел теннисі бағытындағы дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу