Қазақстандық жасөспірімдер семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

77

Қазақстандық спортшылар командалық есепте 3-орынға ие болды. 

Қазақстандық жасөспірімдер семсерлесуден Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды Фото: kazakhstan_fencing

Қайша Жаныбек, Адема Серікбай, Наргиз Сайдуллаева және Адиля Рсалина Джакартада (Индонезия) өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының командалық жарысында қола жүлдеге ие болды. 

Қазақстандық спортшы қыздар 1/8 финалға шығу үшін Малайзия командасын 45:21, ал төрттікке шығу кезеңінде Оңтүстік Кореяны 45:38 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Өзбекстан командасынан 37:45 есебімен ұтылды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Азияның 15 командасы арасында үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, Қытай құрамасы алтын медальға қол жеткізсе, өзбекстандық семсерлесушілер күміс жүлдеге ие болды. 

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі, София Актаева жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды. София рапирамен жартылай финалға дейін жетіп, финалға шығу үшін қытайлық Чжу Линьлиньмен кездесті. Кездесу 14:15 есебімен Қытай спортшысының жеңісімен аяқталды. Осылайша София Актаева да жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу