Ол бразилиялық дебютант Рафаэл Тобиасқа (14-1) қарсы шықты.
Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, 3 раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жек нәтижесінде төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшы жеңіске жетті.
Айта кетерлігі, бұл кездесуде фаворит ретінде бразилиялық спортшы саналған еді.
Осылайша, Дияр Нұрғожай кәсіби мансабындағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Ал Рафаэл Тобиас кәсіби ММА-да 2-ші рет жеңілді.
Бұл – Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы жеңісі. Бұған дейін ол 2 рет жеңіліс тапқан болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу