Қазақстандық жеңіл атлеттер эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

179

Қытайдың Шаосин қаласында өтіп жатқан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Қазақстандық жеңіл атлеттер эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды Фото: Федерацияның баспасөз қызметі

Қазақстандық жеңіл атлеттер 4×400 метрлік аралас эстафетада жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Эльнор Мұхитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс мәреге 3:16.75 нәтижесімен бірінші болып жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Күміс медальді Үндістан құрамасы жеңіп алды – 3:17.06. Ал Қытай командасы 3:17.20 нәтижесімен үшінші орынға тұрақтады.

Азия чемпионаты 21 маусымда аяқталады. Қазақстан құрамасы ерлер және әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафета жарыстарында да бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу