Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

963

Қазақстандық теннисші жұптық сында Гургаон (Үндістан) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды Фото: bassport.kz

Отандасымыз үндістандық Анкита Раинамен бірге жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген еді.

Екеуі финалда доданың 2-ракеткалары швециялық Жаклин Кабай Авад және литвалық Юстина Микульски жұбымен чемпиондық атақты сарапқа салды.

Нәтижесінде, Жібек Құламбаева мен Анкита Раина 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу