Қазақстандық жүзушілер Әлем Кубогының кезеңінде екі рекорд орнатты

139

Астанада жүзуден Әлем Кубогының кезеңі жалғасып жатыр.

Қазақстандық жүзушілер Әлем Кубогының кезеңінде екі рекорд орнатты Фото: olympic.kz

Алғашқы жарыс күні өткен финалдық кезеңде үш отандасымыз сынға түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Егор Попов 100 метрді еркін стильде 47.74 секундта жүзіп өтіп, 10-орын алды.

Софья Сподаренко 50 метрді баттерфляй әдісімен 26.27 секундта бағындырып, 9-орынға жайғасты. Айта кетейік, Софья іріктеу кезеңінде көрсеткен 25.97 секунд нәтижесі арқылы Қазақстан рекордын жаңартты.

Айбат Мырзамұратов 50 метрге брасс әдісімен жүзуде 26.50 секунд нәтижесін көрсетіп, 8-орынға ие болды. Одан бөлек отандасымыз ұлттық рекордты жаңартты.

Айбат сондай-ақ 200 метрге кешенді жүзу сайысында 1:57.91 уақыт көрсеткішін тіркеп, оныншы сатыға табан тіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу