Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионы атанды

468

Спортшымыз қос сайыста да тамаша нәтиже көрсетті. 

Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионы атанды Фото: olympic.kz

Қазақстан ауыр атлетика құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Перудің Лима қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Ауыр атлет 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Екі жаттығудың қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 262 келі (117+145) салмақты бағындырды. 

2-орынды түркиялық Рамазан Йылмаз иеленді  261 келі (108+153). Үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев түйіндеді  252 келі (113+139).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу