Зілтемірші Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

214

Колумбияның Кали қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Нұржан Жұмабай алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Зілтемірші Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды Фото: gov.kz

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен 15 жастағы отандасымыз 348 келі (155+193) нәтижесін көрсетіп, әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, серпе көтеру жаттығуында 193 келіні бағындырып, жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Күміс медальді Испания өкілі Эрик Гуадамуд Пико (344 кг - 156+188) иеленсе, қола жүлде мексикалық Хосе Орландоға (335 кг - 151+184) бұйырды.

Айта кетейік, Нұржан бұған дейін 2025 жылы Астанада өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында және Бахрейннің Манама қаласында ұйымдастырылған жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанған. Осылайша, ол халықаралық жарыстарда әлі жеңіліс көрмей келеді.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын екі медальмен аяқтады. Бұған дейін 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ернұр Мырзахмет қола жүлдеге ие болса, Нұрсила Берікбол 58 келіге дейінгі салмақта төртінші орыннан көрінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу