Зейнетақы жинағын алғысы келгендерге қосымша шектеу күшіне енеді

305

Өтініш қабылдау қайта қашан басталатыны әзір белгісіз.  

Зейнетақы жинағын алғысы келгендерге қосымша шектеу күшіне енеді Фото: canva

Қазақстанда зейнетақы жинағындағы қаражатты стоматологиялық қызметке пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл туралы "Отбасы банк" хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Аталған күнге дейін берілген барлық өтінімдер қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді", – делінген "Отбасы банк" таратқан хабарламада.

Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы қосымша хабарланатыны айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу