Қазақстандықтар маусым айында интернетте 682 млрд теңге жұмсады

3235

ҚҚҚ талдау орталығы сіздерің назарларыңызға 2019 жылғы маусымда карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша статистикаға шолу ұсынады

Қазақстандықтар маусым айында интернетте 682 млрд теңге жұмсады

2019 жылдың маусымында ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 1 005,7 млрд теңгені құрап, өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 2,4 есеге және мамыр айына қарағанда 8,4% - ға артты, деп хабарлайды afk.kz. ҚР аумағындағы карточкалар бойынша төлемдердің жалпы көлеміндегі Алматы қаласының үлесі маусымдағы қорытындысы мамырмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып, 70%-ды  құрады. Бұл ретте қазақстандық эмитенттердің карточкалары (ел ішінде және одан тыс жерлерде) бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 2,3 есеге, 1 020,0 млрд теңгеге дейін өсті.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдер көрсеткішінің банкоматтардағы қолма-қол ақшаны алуға қатынасы маусым айында 70% - ға дейін ұлғайып, кезекті максимумға жетті (көрсеткіш 100% - ды көрсеткен кезде ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлем қолма-қол ақшаны алу бойынша операциялар көлемімен салыстырылады). Сонымен қатар операциялардың жалпы көлеміндегі қолма-қол ақшасыз транзакциялардың үлесі (қолма-қол ақшасыз төлем және банкоматтардан алу) маусым айында 41% - ға дейін өсті.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Өңірлер бойынша бөлуде маусымда ең үлкен өзгерістер Алматы қаласындағы карточкалар бойынша транзакциялар көлемінің өсуіне қатысты болды (+52,0 млрд теңге). Қалған аймақтардың аумағындағы карточкалар бойынша төлемдер динамикасы Алматы облысын қоспағанда, маусымда да оң болып шықты. 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда бірнеше өңір теріс динамиканы көрсетті (1-кестені қараңыз).

1-кесте. Өңірлер бөлінісінде карточкалар бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің динамикасы:

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Карточкаларды пайдалана отырып қолма – қол ақшасыз төлемдер бойынша "орташа чек" маусым айында 11 011 теңгеге дейін өсті (ай бұрын – 10 601), ал банкоматтан алу сомасының орташа мөлшері осы мөлшерден 4,3 есе асып, 46 584 теңгені құрайды (ай бұрын – 44 349).

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері

Сонымен қатар, ҚР аумағында пайдаланылған карточкалар бойынша қолма - қол ақшасыз төлемдер көлемінің 68%-ы интернетте төлеуге, ал 31% - ы POS-терминалдар арқылы төлеуге тиесілі. Бұл ретте соңғы 12 айда Қазақстанда карточкалар бойынша транзакциялардың жалпы көлемінде POS-терминалдардың үлесі 11% - ға төмендеді.

Дереккөз: ҚРҰБ, ҚҚҚ есептері 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу