Енді жекешелендірілетін тұрғын үйдің қалдық құнына қарай оны 15 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі.
Қаулыға енгізілген негізгі өзгерістер:
- Қазақстан азаматтары бұрынғыдай мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір ғана тұрғын үйді жекешелендіре алады.
- Купондық тетік арқылы тұрғын үй алған азаматтар бұл құқықтан айырылмайды.
- Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы өзі тұрып жатқан баспананы заңнамада белгіленген тәртіппен жеке меншікке сатып алуға болады.
- Егер негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі 50%-дан аспаса, бұл оның мемлекеттік тұрғын үйді жекешелендіру құқығына кедергі болмайды.
- Тұрғын үй құнын бөліп төлеу мерзімі енді оның қалдық құнына байланысты белгіленеді:
15 млн теңгеге дейін – 10 жылға дейін;
15 млн теңгеден жоғары – 15 жылға дейін.
Жаңа қаулы 2026 жылғы 17 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.