Қазақстандықтар жалған құжатты жиі жасайтын болған

3874

Жалған құжаттардың көбі Алматы мен Шымкент қалаларында жасалады. 

Қазақстандықтар жалған құжатты жиі жасайтын болған

Жалған құжаттарды, мөрлер мен марапаттарды жасау және өткізу жағдайлары бір жылда 9% өсті. Жалған құжаттар көбінесе Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы облысында тіркелуде, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы finprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

2021 жылдың қаңтары мен маусымы аралығында елде Қылмыстық кодекстің 231-бабы ("Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу") бойынша 94 заңбұзушылық тіркелген. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 46,9% аз. Ал Ұлттық банк таратқан мәліметке сәйкес, 2021 жылдың алғашқы алты айында Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 1 млн теңге болатын 336 жалған ақша белгісін (333 банкнот пен 2 тиын) анықтаған. Алаяқтар көбінесе номиналы 2000 және 5000 теңге болатын купюраларды шығарады. Жалған банкноттардың 65 пайызы осы номиналдарға тиесілі.

Ал Қылмыстық кодекстің 232-бабы (Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу) бойынша тек бір ғана заңбұзушылық тіркелген (Түркістан облысы).

Сонымен бірге Қылмыстық кодекстің 385-бабы ("Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу") бойынша тіркелген заңбұзушылықтардың саны 9,1% - 1,5 мың жағдайға көбейген.

"Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" қылмысы бойынша ең көп қылмыс Алматы қаласында тіркелген: 33 жағдай – бір жылда -56%) Екінші және үшінші орындарда Алматы мен Қызылорда облыстары тұр.

Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу" бабы бойынша ең көп қылмыс Шымкентте болды: 209 жағдай – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 36,6% көп. Антикөшбасшылар рейтингінде сонымен қатар Алматы (197 жағдай, -17,2%) қаласы мен Алматы облысы (144 жағдай, + 14,3%) тұр. "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" қылмысы бойынша 5 адам ұсталып, төртеуінің ісі сотқа жолданды", – делінген зерттеуде.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу