Қазақстандықтарды қақтығыс аймағынан қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіліп жатыр

729

Әр өтініштегі ақпарат мұқият тексерілетіні айтылды.

Қазақстандықтарды қақтығыс аймағынан қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіліп жатыр Фото: inbusiness.kz

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қақтығыс аймағындағы Қазақстан азаматтарының өтініштеріне қатысты жұмысты жалғастырып жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Әлеуметтік желілерде бейнеүндеу жариялаған азаматтарға көмектесу үшін қажетті шаралар қабылдануда. Оларды елге қайтару мәселесі бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Жедел желіге келіп түсетін әр өтініштегі ақпарат мұқият тексеріледі. Тексеру аяқталғаннан кейін қалыптастырылған тізім ресейлік тарапқа жолданатын болады", – делінген хабарламада.

СІМ аталған мәселе бойынша ресейлік тараппен түрлі деңгейдегі жұмысы жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу