Қыркүйектен бастап банктен банкке ақша аударатындарға жаңа талап енгізіледі

Мемлекеттік кірістер комитеті қыркүйек айынан бастап мобильді аударымдарды бақылау тәртібі жаңаша жүзеге асатынын хабарлады.  

Қыркүйектен бастап банктен банкке ақша аударатындарға жаңа талап енгізіледі Фото: forbes.kz

Енді 3 ай аралығында бір шотқа 1 миллион теңгеден астам қаржы түссе, салық органдары талдау жұмыстарын жүргізуге мәжбүр болады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Аударым деректерін банктер салық органдарына жолдайды. Сондықтан, бәрі бақылауда болады және оны айналып өту мүмкін емес. 

– Егер үш ай ішінде бір шотқа 100-ден аса түрлі адам ақша аударып, жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асса (2025 жылғы ең төменгі жалақының 12 есесі), ол кәсіпкерлік табыс ретінде қарастырылады, – делінген Мемлекеттік кірістер комитетінің түсіндірмесінде. 

Салық органдары мұндай деректерге алдымен талдау жұмысын жүргізеді. Кәсіпкерлікке тән белгілер байқалса, дереу азаматқа ескерту жасалады. Талапты орындау үшін 30 жұмыс күні қарастырылып отыр. 

Егер көрсетілген мерзімде ескерту орындалмаса, тақырыптық салықтық тексеріс жүргізіледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу