Қазақстандықтардың кредиті 6,9 трлн теңгеге жетті

5548

Ипотекалық қарыз 14,6% ұлғайды. 

Қазақстандықтардың кредиті 6,9 трлн теңгеге жетті Фото: sputniknews.kz

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ел азаматтарының қарызына қатысты мәліметпен бөлісті. 

"Жыл басынан бері экономикаға берілетін кредит тамыздың соңында 2,4% ұлғайып, 14,2 трлн теңгеге жетті. Ұзақмерзімді кредит 3,1% немесе 12,2 трлн теңгеге дейін өсті. Қысқамерзімді кредит 2,2% немесе 2 трлн теңгеге дейін  азайды. Бизнестің кредиттік портфелі жыл басынан бері 7,3 трлн теңгеге немесе 1,2% ұлғайды. Бизнеске берілетін теңгедегі кредит тамызда 11,9%, оның ішінде қысқамерзімді кредит бойынша – 11,6, ұзақмерзімді кредит бойынша 13,4%-дан 12,8% дейін төмендеді", – деді Ерболат Досаев. 

Ұлттық банк төрағасының айтуынша, халықтың кредиті жыл басынан бері 3,7% көбейіп, 6,9 трлн теңгеге жеткен.

"Тұтынушылық қарыз 4,2 трлн теңгеге немесе 0,6% төмендеді. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру есебінен ипотекалық қарыз 2 трлн теңгеге немесе 14,6% ұлғайды", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу