Қазақстандықтардың мүддесі "Nur Otan" партиясы үшін бәрінен жоғары

697

Нұротандықтардың үгіт-насихат жұмыстары қызу жүріп жатыр.  

Қазақстандықтардың мүддесі "Nur Otan"  партиясы үшін бәрінен жоғары

Депутаттыққа үміткерлер демалыс күндері де тыным таппай, халықпен жүздесіп, сайлауалды бағдарламаларын түсіндіруде. Бүгін Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Саят Балмағанбетов пен Айгүл Сарбаева "Мерей" базарына барды.

– Партия бағдарламасында нақты қаржымен бекітілген 258 нақты шара бар. Бағдарлама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының қисынды жалғасы болып табылады. Бағдарламаның бастапқы жобасына Мемлекет басшысының 2020 жылғы Жолдауының 55 тапсырмасы қосымша енгізілді. Ал, өңірлік сайлауалды бағдарламалар жекелеген аудан мен қаланың өзекті мәселелерінің барлығын қамтыды. Қамтып қана қоймай шешу жолдарын да нұсқады, – деген үміткер Айгүл Сапарқызы қариялар мен көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық көрсету – "Nur Otan" партиясының басты  ұстанымдарының бірі екенін тілге тиек етті. Естеріңізде болса, пандемияның салдарынан туындаған  қиын кезеңде партия "Біргеміз" қорын құрды. Қайырымдылық қоры аясында мыңдаған қазақстандыққа қаржылай қолдау көрсетілді. Жезқазғанда "Biz birgemiz" акциясы аясында 4300 адам 50 мың теңгеден, 24 мыңнан астам отбасы азық-түлік себетін алды.

Әріптесінің сөзін жалғаған Саят Сәбиұлы партияның "Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары мен Жезқазған қаласын дамытудың бағдарламасы туралы баяндады. "Экономикалық тұрақты қала", "Жайлы қала", "Әлеуметтік бағдарланған қала", "Жастарға арналған қала", "Тарих пен мәдениетті дамыту", "Ашық және есеп беретін жергілікті органдар", "Қауіпсіз қала" атты дамудың жеті басым бағыты бойынша әзірленген Жезқазған қаласының сайлауалды бағдарламаның негізгі мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау екендігін тілге тиек еткен кандидат  болашаққа көз тастап, мысты өлкені шырайландырып, инфрақұрлымын дамытатын, жасыл желекке орап, қауіпсіз қалаға айналдыратын ауқымды жобаларды таныстырды. Партия алдағы бес жылда жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 85% - ға дейін жеткізіп, 2025 жылға қарай қала бойынша бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету көрсеткішін 27,3 шаршы метрге дейін ұлғайтуды көздеп отыр. Сонымен бірге, әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына қарқын беріп, қалада жаңа мектеп, балабақша мен спорт нысандарын халық игілігіне бермекші. Көпті алаңдатқан тозығы жеткен жылу мен кәріз желілерін жаңарту, ауыз су мәселесі мен экологиялық ахуалды шешу бойынша да кешенді жоспарлар құрылған. Осы жүйелі жобалардың жүзеге асуы бірінші кезекте сайлаушылардың қолында екеніне назар аудартқан кандидаттар "Мерей" базарының сатушылары мен тұтынушыларын  "нұротандық" кандидаттарға дауыс беруге үндеді.

Үгіт-насихат жұмыстары кезінде халықтың өмірі, еңбегі, денсаулығы, білімі, әл-ауқаты, құқығының қорғалуы партияның басты назарына алынғанын айтқан  кандидаттар қала тұрғындарының өтініш-тілектеріне құлақ асып,  орынды ұсыныс-пікірлерді тиісті мекеме басшыларына жеткізуге уәде етті.

"Nur Otan" партиясы     Қарағанды облысының Жезқазған қалалық сайлау қорынан төленді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу