Қазақстандықтардың нақты табысы азайып жатыр

10140

Бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-мамыр айлары қорытындысы бойынша өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 10%-дан 90,5%-ға дейін қысқарған. 

 Қазақстандықтардың нақты табысы азайып жатыр

Күрт төмендеу сәуір айында-ақ белгілі болғантын, ал маусым айының көрсеткіштері халықтың табыстарына қатысты жағдайдың тереңдей түскенін   "Атамекен" Қазақстан Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының жиынтық талдаулар департаментімен дайындалған макроэкономикалық шолуда көрсетілген.

"2016 жылдың I тоқсанында 16 облыстың 12-де нақты табыстардың төмендеуі белгілі болған. Табыстардың көп төмендеуі Қызылорда, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында, яғни, соңғы кезде мұнай –газ кешенінде айталықтай құлдырау бар өңірлерде байқалады",- деп айтылған шолуда.   

Тау-кен қазу өнеркәсібмен айналысатын облыстар (Қарағанды облысынан басқа) халықтың нақты табысының тұрақсыз төмендеуін көрсетсе, онда Алматыда табыстардың төмендеуі мақсаттырақ.

2016 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа айлық жалақы 132769 теңгені құраған, бұл 2015 жылдың IV тоқсан көрсеткішінен 3325 (136094 теңге) теңгеге төмен.

Шолуда  айлық жалақылардың көп төмендеуі байқалған салалар және кәсіби қызмет түрлері көрсетілген:

- қаржылық және сақтандыру қызметі- 21193 теңгеге (270,8 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін) төмендеген;

- ақпарат және байланыс 15940 теңгеге (199,7 мың теңгеден 183,8 мың теңгеге дейін) төмендеген;

- ауыл шаруашылық 15107 теңгеге  (76,9 мың теңгеден 61,7 мың теңгеге дейін) төмендеген;

-  жылжымайтын мүлікпен операциялар 10487 теңгеге (126,3 теңгеден 115,8 мың теңгеге дейін) төмендеген.

"Айлық жалақының өсуі тек білім саласында ғана тіркелген және денсаулық сақтау кешенінде шамалы төмендеу байқалады. Аталған секторлардың екеуінің де мемлекеттік екенін ескере отырып, мұның бизнестегі адами капиталдың мемлекеттік құрылымға көшуіне әкелуі мүмкін",- деп шолуда көрсетілген. Ал жұмыссыздық жайында айтатын болсақ, 2016 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 4,9%-ды немесе 436,7 мың адамды құрады. Еліміздің экономикалық белсенді халқы 9 миллион 003 мың адамды құрады, оның 8 миллион 566,3 мыңы жұмыспен қамтылған халық санына (95,1%) жатады.  

"Тіпті, еліміздегі экономикалық дамудың бәсеңдеуіне қарамастан, елімізде жұмыссыздық көрсеткішінің үнемі төмендеуі байқалады. Еліміздегі экономиканың қалыпты жағдайында еліміздегі жұмыссыздықтың төменгі деңгейі тұрақты еңбек өндірісі деңгейінде  экономикалық өсудің артуына әкелу керек , ал оны біз өзіміздің негізгі экономикалық көрсеткішімізден көрмей отырмыз"

Сол ресми мәліметтер бойынша еліміздің ірі және орта кәсіпорындарында 2016 жылдың I тоқсанында еңбек ресурстарын қабылдау мен шығарудың біршама бәсеңдеуін байқауға болады. Мысалы, 2012 жылы бір тоқсанда жұмысқа 300 мың адамға дейін қабылданса, ал 2016 жылдың I тоқсаны қорытындысы бойынша жұмысқа 154 мың адам қабылданған. Сонымен қатар, 2015 жылы басталған трендті атап кетуге болады, ол кезде жұмыстан шыққан адамдардың саны жұмысқа қабылданғандардан асып кеткен, ал 2016 жылдың I тоқсаны осы көрсеткіштер арасындағы -38725 "алшақтықты" көрсетеді. Сонымен қатар, ірі және орта кәсіпорындардан жұмысшы күшінің шығуы қысқартуға немесе бизнесті таратуға байланысты артып отырғаны айтарлықтай кері тренд болып табылады.
Сол ресми мәліметтер бойынша еліміздің ірі және орта кәсіпорындарында 2016 жылдың I тоқсанында еңбек ресурстарын қабылдау мен шығарудың біршама бәсеңдеуін байқауға болады. Мысалы, 2012 жылы бір тоқсанда жұмысқа 300 мың адамға дейін қабылданса, ал 2016 жылдың I тоқсаны қорытындысы бойынша жұмысқа 154 мың адам қабылданған. Сонымен қатар, 2015 жылы басталған трендті атап кетуге болады, ол кезде жұмыстан шыққан адамдардың саны жұмысқа қабылданғандардан асып кеткен, ал 2016 жылдың I тоқсаны осы көрсеткіштер арасындағы -38725 "алшақтықты" көрсетеді. Сонымен қатар, ірі және орта кәсіпорындардан жұмысшы күшінің шығуы қысқартуға немесе бизнесті таратуға байланысты артып отырғаны айтарлықтай кері тренд болып табылады.

Егер 2012-2015 жылдарда аталған себептер бойынша шығудың көрсеткіші 8 мың адамға дейігі көрсеткішті құраса, ал 2016 жылдың I тоқсанында 11469 адам шыққан.  Көп қысқартулар ақпарат және байланыс кешенінде (4719 адам), өнеркәсіпте (1316 адам), және мемлекеттік басқармада (1312 адам) байқалады.

Өңірлер арасында Атырау және Маңғыстау облыстарынан басқа барлық облыстарда ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айлары қорытындысы бойынша жұмысшы күші қозғалысы сальдосында кері көрсеткіштер бар. Жұмысшы күші қозғалысы сальдосының "көшбасшысы" Алматы болып тұр. Сонымен қатар, Астана, Оңтүстік Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Алматыда ірі және орта кәсіпорындарда қызметкерлер саны азаюда.

Экономика салалары арасында қабылданғандардан (негізгі 17 саланың 13-де) еңбек ресурстары шығуының артуы байқалады. Жұмысшылар қозғалысының сальдосының біршама кері көрсеткіші сауда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сонымен қатар мемлекеттік кешенде байқалады. Жұмысқа қабылдау мемлекеттік кешенге жататын денсаулық сақтау және білім салаларында байқалады, бұл экономикаға мемлекеттік қатысуды кеңейтудің бір факторы болып табылады.

Саян Абаев

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу