Қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы азайып жатыр

376

Рубльдің таза сатылымы теріс мәнді көрсеткен. 

Қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы азайып жатыр Фото: canva

Шілде айында айырбастау пункттерінде рубльдің 100 миллион долларға тең қолма-қол ақша көлемі жиналып қалды. Бұл туралы Ұлттық банктің деректеріне сүйенген Бірінші кредиттік бюроның Телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Белгілі болғандай, ресейлік валютаның таза сатылымы теріс мәнді көрсетті, бұл минус 53,2 млрд теңгеге тең.

"Бұл айырбастау пункттері бір айда рубльді көбірек сатып алып, халыққа аз сатқан деген сөз", – делінген ақпаратта.

Айырбастау орындарында халықтың рубльге деген сұранысы тағы антирекорд жаңартқан. Таза сатылымға қатысты жағдай осымен сегізінші ай қатарынан тіркеліп отыр.

Өткен айда рубльдің орташа бағамы 6,71 теңгеге жетті. Бұл валюта бағамы сегізінші ай қатарынан күшейіп жатыр, дейді сарапшылар. 

DataHub басқа валюталарға қатысты жағдайға да тоқталды.

"Шілде айында доллардың нетто-сатылымы 120,8 млрд теңгеге жетіп, маусым айына қарағанда 10%-ға артты. Еуроның нетто-сатылымы 5,7 млрд теңге болды, алдыңғы айымен салыстырғанда бес есе артық", – делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу