Қазақстандықтардың жартысына жуығы спортпен айналысады

Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросының ресми сайты жазып отыр.    

Қазақстандықтардың жартысына жуығы спортпен айналысады Фото: старый-соболь.тагилспорт.рф

Бұл статистика 12 000 үй шаруашылығы арасында жүргізілген зерттеу нәтижесінде жасалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осылайша, 2026 жылы үш жастан асқан Қазақстан халқының 47,7% дене шынықтырумен және спортпен айналысатыны белгілі болды. Олардың 19,2%-ы бос уақытында өз бетінше жаттығады, 28,1%-ы білім беру ұйымдарында өткізілетін спорттық сабақтарға қатысады, ал сауалнамаға қатысқандардың 0,4%-ы спортпен кәсіби түрде айналысады. 

2025 жылмен салыстырғанда дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың үлесі 1,2 пайызға артып, 46,5%-дан 47,7% жеткен. 

Қала тұрғындары арасында дене шынықтырумен және спортпен айналысу деңгейі біршама жоғары, яғни 49,3% (2025 жылы – 48,4%), ал ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш 45%-ды құрады (2025 жылы – 43,5%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу