"Қазақстанға төрт елдің әскері келе жатыр": Қорғаныс министрлігі ел тұрғындарына ескерту жасады

14091

26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанға төрт елдің әскері келе жатыр": Қорғаныс министрлігі ел тұрғындарына ескерту жасады Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды.

Алматы және Жетісу облыстарының аумағы арқылы әскери қызметшілердің қозғалысы темір жол және автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын болады.

"Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу