Қазақстаннан басқа ЕАЭО елдері базалық мөлшерлемені өсіріп жатыр

2149

2021 жылғы маусымда Қазақстанда инфляция айтарлықтай қарқын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстаннан басқа ЕАЭО елдері базалық мөлшерлемені өсіріп жатыр

Мамырдың аяғында тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) 107,9%-ға дейін өскен. Бұл 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш. Бағаның бұлай шарықтауы индекс құрылымындағы барлық топта бағаның көтерілуімен байланысты.
Себебі, ТБИ ақылы қызметтерге баға 2021 жылғы мамырда 105,1%-дан маусымда 105,6%-ға дейін, азық-түлік емес тауарларына 106,7%-дан 106,9%-ға дейін, азық-түлік тауарларына 109,3%-дан 110,6%-ға дейін өсті.

Бағаның көтерілуі көкөністерге, яғни ұзақ сақталатын көкөністерге бағаның күрт өсуі, электр энергиясына тарифтердің өсуі, бензин бағасының өсуі, азық-түлік тауарларына сыртқы бағаның өсуі және сауда серіктес елдердегі инфляцияның жеделдеуімен байланысты.

Мұндай жағдайды әлемнің көптеген елінен байқауға болады. Мысалы, Ресейде (Қазақстанның басты сауда серіктесі) инфляция 6,5%-ға жеткен. Бұл – 2016 жылғы тамыздан бергі ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ аталған көрсеткіш Ресей орталық банкінің нысаналы индикаторынан жоғары (4%).

Инфляцияның жеделдеуі ЕАЭО-ның барлық елінде байқалады. Мысалы, бағаның өсуі Қырғызстанда жылдық мәнде 14,2% (бір ай бұрын – 10,9%), Беларусьте – 9,9% (9,4%), Арменияда – 6,5% (5,9%).

Өсім іскерлік белсенділік пен тұтынушылық сұраныстың қалпына келуі аясында болып отыр. 

Бағаның өсуі көптеген дамушы елде, оның ішінде Аргентина, Түркия, Грузия, Бразилия және тағы басқа елдерде тіркелген. Ал 2021 жылғы маусымда Еуропа одағында инфляция 2,2% болды. Бұл да таргеттелген деңгейден жоғары (2%).

Инфляцияның жеделдеуі аясында дамушы елдердің орталық банктері негізгі мөлшерлемелерді арттыру арқылы ақша-кредит шарттарын біртіндеп қатайта бастаған. Мысалы, Ресейдің орталық банкі маусымдағы отырыста базалық пайыздық мөлшерлемені тағы 50 базистік тармаққа яғни 5,5%-ға дейін көтерген. Бұл экономиканы қалпына келтіру қарқынынан жоғары, ал инфляция нысаналы көрсеткіштен асып түскен.

Саясаткерлер алдағы айларда базалық пайыздық мөлшерлемені қосымша көтеру керегін ескертті. Себебі, олар нысаналы көрсеткіштен инфляцияның жоғары болғанына алаңдап отыр.

Айта кетейік, биыл Ресейдің орталық банкі негізгі мөлшерлемені көтерген.

Сонымен қатар биыл Бразилияның орталық банкі пайыздық мөлшерлеменің үшінші көтеретінін мәлімдеді: өсім 75 базистік тармақ, 4,25%-ға дейін.

Тамызда да пайыздық мөлшерлеме өсуі мүмкін. 

Жыл басынан бері 18 орталық банк мөлшерлемені көтерген. Мәселен, Түркияда (17,0%-дан 19,0%-ға дейін), Чилиде (0,5%-дан 0,75%-ға дейін), Украинада (6,5%-дан 7,5%-ға дейін), Грузияда (8%-дан 9,5%-ға дейін), сондай-ақ ЕАЭО елдері – Арменияда (5,25%-дан 6,5%-ға дейін), Беларусьте (7,75%-дан 8,5%-ға дейін) және Қырғызстанда (5%-дан 6,5%-ға дейін) негізгі мөлшерлемелер көтерілген.

Бірқатар дамушы елдегі ставкалардың өсуі бағаның өсуіне жауап ретінде уақытылы қабылданған шектеу шарасы деп айтуға болады.

Бірақ Қазақстанда базалық мөлшерлеме 2020 жылғы шілдеден өзгерген жоқ, 9% деңгейінде сақталып отыр.

Елдегі инфляцияны барынша жеделдету, әрі көрші елдердің ақша-кредит саясатын қатаңдату жағдайында базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде сақтау инфляцияның одан әрі өсу тәуекелін арттырады.

ЕАЭО елдері тарапынан инфляцияның одан әрі импортына және капиталдың елден шығыралуына жол бермеу үшін неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлемелер арқылы ұлттық валютаның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуі талап етіледі.

Дәурен Ерболат


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу