Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының екі өкілі финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әли Алмас жартылай финалда Армения балуаны Арарат Аветисянды 4:1 есебімен жеңді. Енді ол чемпиондық белдесуде Ресей спортшысы Солтан Юсуповпен кездеседі.
Ал 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Дияр Аманәлі жартылай финалда Болгария өкілі Данимир Йордановтан 8:1 есебімен басым түсіп, финалға шықты. Алтын медаль үшін ол Венгрия спортшысы Кеве Ковачпен белдеседі.
Финалдық кездесулер бүгін, 28 шілдеде өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу