Қазақстанның 5 боксшысы Қытайдағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

208

Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде жартылай финалдық жекпе-жектер аяқталды.

Қазақстанның 5 боксшысы Қытайдағы әлем кубогы кезеңінің финалына шықты Фото: olympic.kz

Нәтижесінде Қазақстан құрамасының бес өкілі халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.

50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Санжар Тәшкенбай жартылай финалда Мартин Сальвадордан басым түсті. Ал 54 келіге дейінгі салмақтағы Назым Қызайбай тайландтық Натничи Чонгпронглангты жеңді.

60 келіге дейінгі салмақтағы Виктория Графеева өзбекстандық Ситора Турдибекованы жеңіп, финалға шықты. Абылайхан Жүсіпов (70 келіге дейін) иорданиялық Зейяд Ишаишті ұтты. Ал 90 келіден жоғары салмақтағы Айбек Оралбай бразилиялық Жоэль Рамосты жарыс жолынан шығарды.

Ал Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Валерия Аксенова (80 келіге дейін) және Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) жартылай финалда жеңіліп, турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер 21 маусым күні өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу