Қазақстанның Азия ойындарына қатысатын ауыр атлеттері белгілі болды

201

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында 10 ауыр атлетпен сынға түседі.  

Қазақстанның Азия ойындарына қатысатын ауыр атлеттері белгілі болды Фото: olympic.kz

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрлықтық додада Қазақстан атынан ерлер арасында:

  • 60 келіге дейін – Өтепберген Әлиев;
  • 65 келіге дейін – Сайрамкез Ақмолда;
  • 75 келіге дейін – Бексұлтан Айтбай;
  • 85 келіге дейін – Алексей Чуркин;
  • 95 келіге дейін – Нұрғиса Әділетұлы өнер көрсетеді.

Әйелдер арасында:

  • 57 келіге дейін – Екатерина Алякина;
  • 69 келіге дейін – Арай Нұрлыбекова;
  • 77 келіге дейін – Аянат Жұмағали;
  • 86 келіге дейін – Айғаным Жанболат;
  • 86 келіден жоғары – Любовь Ковальчук ел намысын қорғайды.

2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.

Бұған дейін Қазақстанның Азия ойындарына қатысатын боксшылар тізімін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу