Қазақстанның Азия ойындарына қатысатын боксшылары белгілі болды

102

Қазақстан құрамасының сапында алты ер боксшы және бес әйел спортшы өнер көрсетеді.  

Қазақстанның Азия ойындарына қатысатын боксшылары белгілі болды Фото: olympic.kz

Қазақстан бокс федерациясы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын ерлер құрамасын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрама сапына алты боксшы енді:

  • 55 келіге дейін – Махмұд Сабырхан;
  • 60 келіге дейін – Оразбек Асылқұлов;
  • 70 келіге дейін – Төрехан Сабырхан;
  • 80 келіге дейін – Сабыржан Аққалықов;
  • 90 келіге дейін – Нұрбек Оралбай;
  • 90 келіден жоғары – Айбек Оралбай.

Бұған дейін Қазақстан атынан бақ сынайтын әйелдер құрамасы да белгілі болған. 

Олар: 

  • 51 келіге дейін Алуа Балқыбекова;
  • 54 келіге дейін Назым Қызайбай;
  • 60 келіге дейін Виктория Графеева;
  • 65 келіге дейін Аида Әбікеева;
  • 75 келіге дейін Наталья Богданова.

2026 жылғы Азия ойындарының ашылу салтанаты 19 қыркүйекте өтеді. Бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу