Қазақстанның Азия ойындарына таеквондо құрамасы анықталды

231

Құрама сапында үш әйел және төрт ер спортшы бар.  

Қазақстанның Азия ойындарына таеквондо құрамасы анықталды Фото: olympic.kz

Аичи-Нагоядағы XX жазғы Азия ойындарына қатысатын Қазақстанның таеквондодан ұлттық құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан намысын жарыста жеті спортшы қорғайды. Құрама сапында үш әйел және төрт ер спортшы бар.

Әйелдер:

  • 49 келіге дейін – Рита Бакишева;
  • 57 келіге дейін – Тоғжан Қазынабек;
  • 67 келіден жоғары – Назым Махмұтова.

Ерлер:

  • 58 келіге дейін – Тамирлан Тілеулес;
  • 68 келіге дейін – Самирхон Абабакиров;
  • 80 келіге дейін – Батырхан Төлеуғали;
  • 80 келіден жоғары – Бейбарыс Қаблан.

Таеквондодан Азия ойындарының жарыстары 1-3 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу