Қазақстанның халықаралық қоры қатарынан төртінші ай азайып келеді

2820

Бюджетке бағытталған трансферттер қыркүйекте Ұлттық қордың барлық сыртқы активтерінің 2%-ын жоқ қылды.

Қазақстанның халықаралық қоры қатарынан төртінші ай азайып келеді

Қыркүйек айының қорытындысы бойынша, Қазақстанның жалпы халықаралық қоры 1,3%-ға ( немесе 1,19 млрд долларға), 89,4 млрд долларға дейін азайды деп көрсетілген ҚР Ұлттық қорының ай сайынғы есебінде. Қорлар осы жылдың мамыр айынан бастап үздіксіз төмендеп, қазан айының басында 6,2 млрд доллар болған, яғни қайта есептеуде екі триллион теңгені құраған. Ал мұның жартысы Қазкоммерцбанкті құтқаруға кеткен.

Ұлттық қор активтері құрылымында ең көп қаражат ағыны қыркүйек айында тіркелген, яғни ол 2%-ға (немесе 1,12 млрд долларға), 56,8 млрд долларға дейін азайған. Ұлттық қор активтерінің төмендеуіне ел бюджет алдындағы міндеттемелер басты себеп болып отыр.

Айлық жоспар 312 млрд теңге болғанда қазынаға қыркүйек айында 406 млрд теңге аударылған. Алайда осы кезде қорға түскен 75 млрд теңге салықтық түсімдерді есептегенде  Ұлттық қордың сыртқы активтерінен кеткен  таза қаражат ағыны 330 млрд теңгені құраған.

Жылдың басынан бері бюджетке 3,823 трлн теңге трансферт жасалды. Осы жылдың соңына дейін қазынаға тағы 591 млрд теңге аудару көзделіп отыр. 27 қазандағы жағдай бойынша, бюджетте трансферт бойынша орындалмаған міндеттемелер көлемі, қаржы министрлігінің мәліметінше, 406 млрд теңге.    

Еліміздің жалпы қорына кіретін Ұлттық банктің алтын валюталық қоры  қыркүйекте 0,3%-ға, 32,5 млрд долларға дейін төмендеген. Оның ішінде АВҚ құрылымындағы валюталық активтер 0,4%-ға (немесе 74,5 млн долларға), 20,6 млрд долларға дейін, қыркүйектегі валюталық интервенция есебінен 70 млн долларға қысқарған.

Еліміздің алтын қорының нақты көлемі өскен, бірақ та қыркүйекте металл бағасының  1,4%-ға төмендеуінен оның номинальдық құны 0,2%-ға, яғни12 млрд долларға дейін қысқарған.

Гүлназ Ермағанбетова, Сұлтан Биманов 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу