Қазақстанның Қырғызстанмен одақтастық байланысы жаңа деңгейге көтеріледі

282

Құжат көршілес елдер арасындағы барлық бағыттағы одақтастықты жан-жақты тереңдетуді көздейді.    

Қазақстанның Қырғызстанмен одақтастық байланысы жаңа деңгейге көтеріледі Фото: qaztrade.org.kz

Сенат "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бауырлас екі елдің ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтеруді көздейтін құжат Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарт пен екі мемлекет арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартты басшылыққа ала отырып әзірленген. Шартқа екі елдің Мемлекет басшылары Қырғыз Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына жасаған ресми сапары аясында, 2024 жылғы 19 сәуірде Астанада қол қойған. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасымен екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді", – деді сенатор Дархан Қыдырәлі.

Оның айтуынша, 22 баптан тұратын, көршілес елдер арасындағы барлық бағыттағы одақтастықты жан-жақты тереңдетуді көздейтін Шарт саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, әскери-техникалық, қауіпсіздік, өңіраралық ықпалдастық, ауыл шаруашылығы, азық-түлік, су ресурстары, энергетика, экология, білім беру, мәдени-рухани салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. 

"Шартта Жоғары Мемлекетаралық Кеңес аясында және Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қырғыз Республикасы Жогарку Кенеші арасындағы ынтымақтастық жөніндегі Парламентаралық Кеңес шеңберінде байланыстарды нығайту қарастырылған", – деді депутат.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстан мен Қырғызстан ынтымақтастықты кеңейтетінін жазғанбыз. Мәжіліс тиісті құжатты қабылдады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу