Қазақстанның мемлекеттік борышы қанша екені белгілі болды

165

Үкімет мемлекеттік борыш белгіленген деңгейде екенін алға тартты.  

Қазақстанның мемлекеттік борышы қанша екені белгілі болды Фото: Zakon.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев 2025 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Мәжілістің жалпы отырысында есеп берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"2025 жылдың қорытындысы бойынша экономика 6,5% өсті. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2024 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 5% құраған еді. Өсімге негіз болған, көлік, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі және сауда салалары. Бұл ретте инфляциялық қысым сақтала отырып, 12,3% деңгейінде қалыптасты", – деді министр.

Мәди Такиев орташа айлық жалақы 442 мың теңге деңгейінде қалыптасқанын атап өтті. Жұмыссыздық деңгейі жыл бойы тұрақты 4,6% болған.

"Мемлекеттік борыш белгіленген деңгейде тұр. Жыл қорытындысы бойынша, жалпы ішкі өнімнің 22,8% немесе 36,4 трлн теңгені құрады. Ұлттық қордың активтері 2025 жылдың аяғында 73,8 млрд доллар құрады, оның ішінде валюталық қордың активтері 63,9 млрд доллар болды", –  деп атап өтті Қаржы министрі Мәди Такиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу