banner

Қазақстанның мемлекеттік қарызы ай сайын миллиардтап өсіп жатыр

3745

Екі айда мемлекеттік борышқа 141,3 млрд теңге қосылды. 

Қазақстанның мемлекеттік қарызы ай сайын миллиардтап  өсіп жатыр

Сәуір айында ғана Қазақстанның мемлекеттік борышы 23 трлн 30 млрд теңге болатын. Ал 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл көрсеткіш 23 трлн 172 млрд теңгеге жеткен. Яғни екі айда қарыз үстіне қарыз жамалып, 141 3, млрд теңге борыш қосылған.

Оның ішінде Қазақстан Үкіметінің ішкі қарызы 152 млрд теңгеге азайса, сыртқы қарызы 302,3 млрд теңгеге көбейген. Жалғыз жағымды жаңалық – мемлекет кепілдік берген борыштың мөлшері 28 млрд 608,3 млн теңге күйінде өзгеріссіз қалған.

Қазақстан Үкіметінің әсіресе Азия Даму Банкінен (+3,7 млрд теңге), Еуропа Қайта құру және Даму Банкінен (+492,4 млн теңге), Ислам Даму Банкінен (+89,5 млн теңге), Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінен (+7,4 млрд теңге) алған, Еурооблигацияларға (+47,1 млрд теңге) және Ресей нарығындағы мемлекеттік бағалы қағаздар есебінен алынған қарыз (+ 249,2 млрд теңге) елеулі мөлшерде өскен.      

Қазақстан Үкіметінің Қытайдың Экспорттық-импорттық банкінен алған қарызы сәуір айынан бері  40 млрд 970 млн 663 мың теңгеге жеткен. Бұл екі ай бұрынғы көрсеткіштен 995 млн теңге көп. Доллармен есептесек, қарыз өсімі 1,5 млн доллардан асады. Қазақстан үкіметіне қарыз берген бірнеше ірі халықаралық қаржы институты мен банктің арасынан Қытайдың банкін ерекше атап отыруымыз тегін емес. Өйткені Қытайдан алған қарыздың қомақтылығы көшедегі наразылықтардың басты ұранына айналса да, Үкімет оған пысқырып қарамайтын сияқты. Бейжің штаб пәтері АҚШ-та орналасқан Дүниежүзілік валюта қорына балама ретінде құрды дейтін Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкінің алдындағы қарызы да екі айдың ішінде 7,4 млрд теңгеге өскен. Аталған қаражаттың құнды қағаз немесе облигация емес, тікелей қарыз түрінде алынуы алаңдатуы керек.

Ұлттық банк ішкі қарызын екі айда 58,7 млрд теңгеге азайтқан. Ал облыс әкімдіктерінің борышы сәуір мен шілде арасында 18,3 млрд теңгеге артқан.

Мемлекеттік борыштың екі ай ішіндегі құбылу тенденциясын төмендегі кестеден көруге болады:

Есжан Ботақара


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу