Қазақстанның паделден Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды

200

Падель Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енді.  

Қазақстанның паделден Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды Фото: olympic.kz

Қазақстан падел федерациясы Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтетін XX жазғы Азия ойындарына қатысатын ұлттық құрамның тізімін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан намысын байрақты бәсекеде сегіз спортшы қорғайды. Ерлер және әйелдер арасындағы жарыста ел атынан екі жұптан өнер көрсетеді.

Ерлер:

  • Евгений Данилов / Тимур Хабибулин
  • Родион Пак / Жақас Қозбақ

Әйелдер:

  • Альбина Хабибулина / Мария Синицына
  • Әйгерім Сүлеймен / Татьяна Гиоргазде

Айта кетейік, падел спорт түрі алғаш рет жазғы Азия ойындарының бағдарламасына енгізіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу