Сапы жаттығуынан Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходовтан құралған командамыз жарыс барысын бір деммен өткеріп, барлық қарсыластарын сенімді жеңді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алдымен жерлестеріміз Қырғызстанды 45:34 есебімен ұтса, жартылай финалда Оманға еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп: 45:26. Финалда да отандастарымыз Сауд Арабиясын 45:29 есебімен жеңді.
Айта кетейік, сапы жаттығуынан ерлер құрамасы биылғы әлем чемпионатында өз тарихында алғаш рет қола медальді иеленген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу