Қазақстанның төрт боксшысы әлем чемпионатының финалына шықты

149

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының төрт өкілі финалға жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның төрт боксшысы әлем чемпионатының финалына шықты Фото: olympic.kz

Жартылай финалдық кездесулердің нәтижесінде Алина Құдайгенова (57 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Зарина Толыбай (80 келіден жоғары) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын медаль үшін бақ сынайды.

Ал тағы төрт қазақстандық спортшы жарысты қола жүлдемен аяқтады. Олар – Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетаң Жарқынбек (90 келі).

Әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектері 27 қазанда Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу