banner

Қазақстанның Үндістандағы елшісі Мұхамедиұлы ісі бойынша куәлік етті

1647

Арыстанбек Мұхамедиұлы дәлелдемелер ретінде ұсынған БАҚ хабарламалары мен Мәдениет және спорт министрі сайтындағы жариялымдарды іске қосуға өтініш білдірді, сот шешімімен оның өтініші ішінара қабылданды.

Қазақстанның Үндістандағы елшісі Мұхамедиұлы ісі бойынша куәлік етті Фото: Ulysmedia.kz

Астанада Байқоңыр ауданының № 2 сотында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша кезекті сот отырысы жалғасын тапты. Келесі куәгер ретінде 2019-2021 жылдары Қазақстанның Үндістандағы елшісі болған Ерлан Алтынбайұлы сот отырысына ZOOM арқылы қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Алдыңғы сот отырыстарында көрмеден кейін Қазақстанға дипломатиялық пошта арқылы жіберілген мұражай жәдігерлерін қандай қызмет арқылы жеткізілгенін білмейтінін айтқан Ерлан Алтынбайұлына айыпталушы жақ өкілі оның Үтенов Әркен Хамитұлына жіберген хатын көрсетіп, оның жеткізілім жайлы бастан-аяқ хабардар болғанын анықтады.

"Биыл 21 наурызда ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігіне 21 орынды Air Waybill дипломатиялық пошта жіберілгендігін хабарлаймыз (Алматы қаласына 22 наурыз 2020 жылы келеді деп күтілуде). Аталған поштамен ҚР Ұлттық мұражайы Дели қаласындағы қойылған "Алтын адам" көрмесінің экспонаттары жіберілуде. Жүкті алу үшін тиісті сенімхатты "VIP Cargo service" ЖШС бас директоры Спартак Клейкевич атына беруіңізді сұраймыз", - делінген Е. Алтынбайұлының Әркен Хамитұлына жіберген хатында.

Бұрынғы елші сот отырысында оқылған хатты сол кездегі жауапты хатшы Ә.Хамитұлына жібергенін растады. Әрі қарай дипломатиялық поштаның қарапайым поштадан қандай айырмашылығы барын сұраған адвокат Әйгерім Әнуарбекке елші барлығын егжей-тегжейлі түсіндірді. Оның айтуынша, айтарлықтай айырмашылық жоқ – тек дипломатилық поштамен жіберілген заттар кеденнен өткенде тексерістен өтпейтінін хабарлады.

Тағы бір хатта елші 16 мамыр күні сол кездегі Мәдениет және спорт министрі А. Райымқұловаға хат жолдап, Үндістан тарапының сұрауымен Делидегі көрмені кейінге қалдырып, мұражай экспонаттарын сәуір айына дейін Нью-Дели мұражайында сақтауға рұқсат сұраған. Алайда ешқандай себепсіз 20 наурыз күні жоғарыда атап өтілген шешімді қабылдап, жәдіргерлерді дипломатиялық поштамен елге жіберуге бел буған. Осы жерде қорғаушы Әйгерім Әнуарбек не себепті мұндай шешім қабылданғанын, нақтырақ айтқанда, кім тапсырғанын сұрады. Елші ешқандай органның қатысы жоғын айтып, келісім Ұлттық мұражаймен жасалғанын жеткізді, алайда Арыстанбек Мұхамедиұлы оның мұндай өтінішпен оған жүгінбегенін хабарлады.

Назар салатын бір мәселе бүгінгі сот отырысының бірінші бөлігінде А.Райымқұлова атына 2020 жылдың 10 сәуірінде Мәдениет және спорт министрлігіне тікелей жіберілген хат сотқа ұсынылған болатын, онда А.Мұхамедиұлы Үндістандағы көрмені кері қайтармай, бір айлық шеруді үш күнде, яғни 19-22 наурызға аралығында өткізуге рұқсат сұраған болатын.

Мазмұны ұқсас тағы бір хат 12 сәуірде елшіге жіберілген.

"Өзіңізге белгілі ҚР Ұлттық музейі Қазақстанның Үндістан Республикасындағы елшілігімен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 18-ші наурызында Үндістан ұлттық музейінде "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық көрме жобасы аясында "Ұлы Дала: Уақыт, кеңістік, мәдениет" көрмесін жоспарлаған болатын. Алайда әлемде COVID-19 індетінің күшеюіне және Үндістандағы музейлердің жабылуына байланысты алдағы жарты жылда барлық іс-шараларды тоқтату туралы хат келіп түсті. Аталған шараның маңыздылығы мен келісімшартқа қол қойылғанын ескере отырып, көрме экспонаттары мен жәдігерлердің Үндістанға жеткізіліп қойғанын назарға ала отырып, аталған шараның салтанатты ашылу салтанатын қалдыруды жөн деп санаймыз, сонымен қатар көрменің уақытын қысқарту туралы шешім қабылданды. Жалпы қойылым үш күнді қамтиды және барлық материалдар іс-шара аяқталғаннан кейін қайтарылады", - делінген А.Мұхамедиұлы хатында.

Дәл осы хатты елші есіне түсіре алмағанымен, оның ары қарай 16 мамыр күні жоғарыда аталып өткен хатты А. Райымқұловаға жолдауына түрткі болған нақ осы құжат болуы мүмкін екенін жасырмады. Ал бұрынға Мәдениет және спорт министрі отырыстың бірінші бөлімінде мұндай хатты өз көзімен көрмегенін, сәйкесінше оны оқымағанын айтқан болатын. Осы арқылы қорғаушылар министрлік өкілдері де, елшілік те Үндістанда болып жатқан көрме жайлы ескертілгендерін дәлелдемек болды.

Яғни сот отырысының бірінші бөлігінде айыпталушы жақ бектіліген жоспарға өзгертулер енгізіліп, сәйкес хаттарда шараның Делиге ауысқанын, қалған төрт ел бойынша қаражат қайтарылғаны бойынша дәйектер келтіріп, екінші бөлігінде көрменің мерзімі өзгеріп, 19-22 наурыз аралығында өтілуіне рұқсат етілгенін алға тартты.

Жалпы сот отырысында Мұхамедиұлының өз атынан, қорғаушысы Әйгерім Әнуарбек атынан бірнеше БАҚ хабарламалары мен министрліктің ресми сайтына сілтеме жасалып, дәйектерді іске қосу туралы өтініш білдірілді. Сот шешімімен айыпталушы жақтың өтініші ішінара орындалатын болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу