Қазақтың бидайы Солтүстік Африкада жоғары бағаланды

Мұндай мәліметті елордада өткен Agricom 2025 конференциясында Азық-түлік корпорациясының басқарушы директоры Рустам Жанатаев айтты.  

Қазақтың бидайы Солтүстік Африкада жоғары бағаланды Фото: akorda.kz

Оның сөзінше, өткен маусымда алыс нарықтарға еліміз 2 миллион тонна жұмсақ бидайды экспорттай алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Егер бұрын қазақстандық бидай әлемдік нарықтарда тек дурум және hi-pro сегментінде ұсынылса, онда көліктік субсидиялардың арқасында біз 3-сыныпты қатардағы бидаймен алыс нарықтарға шыға алдық, – деді Рустам Жанатаев.

Шыны керек, қазақстандық бидайды Солтүстік Африка жақсы қабылдап, өнімді жоғары бағалаған. Жалпы, Қазақстан көліктік субсидиялардың нәтижесінде өткен маусымда алыс нарықтарға 2 миллион тонна жұмсақ бидайды экспортады. Десе де, алдыңғы жылдары экспорт көлемі 600 мың тоннадан аспаған еді.

– Үкімет көлік субсидияларын 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тағы бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл қазақстандық бидайдың әлемдік нарықта болуын сақтауға мүмкіндік береді, – деп сөзін нақтылады Азық-түлік корпорациясының басқарушы директоры.

Еске салайық, Agricom 2025 конференциясына 24 мемлекеттің өкілі қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу