Қазақстан спортының қызғалдақтары

1637

8 наурыз мерекесі қарсаңында ел спортында жүрген қыз-келіншектерге тоқталып өтейік.

Қазақстан спортының қызғалдақтары

Ең алдымен Елена Рыбакина еске түседі. "Уимблдонды" жеңгеннен кейін Ленамыз ел ішінде танымал бола түсті. Оның "Аустралиан Оупен" жарысындағы финалын бүкіл Қазақстан көрді. Кезінде Головкиннің бойын жібермейтіндер енді Рыбакинаның фанатына айналды. Ал оның өткенде әбу-Даби қаласының мешітінде түскен фотосы еркек кіндіктінің жүрегін жаулады.

Айгерим Әбділқадірова деген дзюдошы қызымызды көп жанкүйер әлеуметтік желілер арқылы таниды. Спортшы қызымыз блогерлікті қатар алып жүр. Оның инстаграммда дәл қазір 909 мың оқырман бар. Парижде өткен Grand Slam жарысында ол қарсыласын тістеп алып, жанкүйерлерді бір шулатты.

Татьяна Демьянова бірнеше жыл бұрын ғана елге танымал волейболшы болып кетті. Оның волейбол ойнағанына қарағанда сұлулығы жоғары бағаланады. "Алматы" командасының волейболшысы букмекерлік кеңселердің жарнамасына түсіп, инстаграмда 179 мың оқырман жинаған.

Сабина Алтынбекованы волейболшы дегеннен көрі, инста-жұлдыз деген дұрыс шығар. Қытайдағы жарыста танымал болып, кейіннен ол да жарнамаларға түсті. Қазір тұрмысқа шығып, көптеген фанаттардың қызғанышын тудыртып жүр.

Ангелина Лукасты бокстан өтетін жарыстар кезінде жанкүйерлер дұрыс тани бермейтін. Оның жарыстарда керемет боксшы екенін көп адам байқамады. Сол ринг сыртындағы іс-әрекеттер оны тез танымал қылды. Ангелина жайлы халықаралық сайттар да материал арнап тастаған.

Одан өзге де спортшы қыздарымыз жетіп артылады. Олар жайлы келесі бір материалымызды арнай жатармыз. Ал әзірге спортта жүрген қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу