"Қазгидромет" Қазақстанда Қытайдың MAZU жүйесін қолдануды жоспарлап отыр

393

MAZU жүйесі қысқа мерзімді болжам мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қамтиды.  

"Қазгидромет" Қазақстанда Қытайдың MAZU жүйесін қолдануды жоспарлап отыр Фото: kaz.inform.kz

"Қазгидромет" Қазақстанда ауа райын қысқа мерзімді болжауға арналған Қытайдың MAZU жүйесін қолдануға мүдделі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Үрімші қаласында "Қазгидромет" РМК бас директоры Данара Алимбаева мен Қытай метеорологиялық әкімшілігінің басшысы Чэнь Чжэньлинь кездесті. Тараптар заманауи технологияларды енгізу, ерте ескерту жүйелерін дамыту және қауіпті ауа райы құбылыстарын болжау мәселелерін талқылады.

Кездесуде MAZU жүйесін Қазақстанда қысқа мерзімді болжау, nowcasting және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану бағыттарында қолдану мәселесіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар тараптар Fengyun спутниктік деректерін пайдалану және ауа райы процестерін бақылаудың заманауи құралдарына қолжетімділікті кеңейту мәселелерін қарастырды.

Кездесу қорытындысында тараптар осы бағыттардағы жұмысты жалғастырып, алдағы практикалық қадамдарды айқындауға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу