Қажымұқанның 155 жылдығына арналған футбол турнирі басталды

92

Отырар ауданындағы жарысқа ауылдық округтерден жасақталған 12 команда қатысуда.  

Қажымұқанның 155 жылдығына арналған футбол турнирі басталды Фото: gov.kz

Отырар ауданында "Заң мен тәртіп" қағидаты аясында қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай аудандық әуесқойлар арасында футбол турнирінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов пен аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Ұзақов қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Олар Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы жастарға қайсарлықтың, табандылықтың және отансүйгіштіктің жарқын үлгісі екенін атап өтті.

Жамбыл мектеп-лицейінің спорт алаңында ұйымдастырылған турнирге ауданның ауылдық округтерінен құралған 12 команда қатысуда. Екі күнге жоспарланған жарыста командалар өзара бақ сынап, үздіктер анықталады.

Турнир қорытындысында жеңімпаз және жүлдегер командалар, сондай-ақ үздік ойыншылар дипломдармен, медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу