Қазақстандық грек-рим күресінің шебері Қазыбек Қалмағамбетов Словакияның Братислава қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
67 келіге дейінгі салмақта белдескен қазақстандық спортшы жартылай финалда Венгрия өкілі Петр Житовозды 7:5 есебімен жеңді.
Енді Қазыбек Қалмағамбетов әлем чемпионатының алтын медалі үшін Беларусь балуаны Михаил Марковскиймен кездеседі. Финалдық белдесу бүгін, 18 тамызда өтеді.
Айта кетейік, бұған дейін 77 келіге дейінгі салмақта Еркебұлан Анапия үшінші орын үшін өткен белдесуде Иран өкілі Амир Саеди Навадан жеңіліп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу