Қазынашылық департаменттің шотына 500 млн доллар түсті

7514

Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев 2020 жылы мемлекет мүддесі қалай қорғалғанын мәлімдеді.  

Қазынашылық департаменттің шотына 500 млн доллар түсті

"Мемлекет мүддесі 25 талқылауда қорғалды. Оның 15-і халықаралық төрелікте атқарылды. Жыл басына белгіленген бірқатар тыңдау белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды. Қазақстан Республикасы үшін маңызды бірнеше сот тыңдаулары әділет министрлігінің өтініші бойынша қашықтан  онлайн форматта өткізілді. Осыған байланысты 2020 жылғы наурыз айында тарихи оқиға болды – Англияның жоғарғы сотындағы Қазақстан Республикасының  және Ұлттық банкінің Статиге қарсы ісі, Англия сот жүйесінің 900 жылдық тарихындағы онлайн форматта жүргізілген және YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетілген алғашқы сот талқылауы болды", – деді Алмат Мадалиев министрліктің кеңейтілген алқа мәжілісінде. 

Вице-министрдің сөзінше, 2020 жылы мемлекет мүддесі шамамен 2,1 млрд долларға қорғалды.

"Былтыр трибунал 2016 жылы канадалық Gold Pool компаниясының талап арызы бойынша Қазақстанның пайдасына шешім шығарды және 917 млн АҚШ доллары мөлшерінде талап-арызды қабылдамады. 2020 жылдың қараша айында ағылшын соты Қазақстан Республикасының апелляциялық талабын қанағаттандырып, Уорлд Уайд Минералс канадалық компаниясының талабы бойынша төрелік трибуналдың бұрын шығарған шешімін жойды. Сондай-ақ сот Қазақстан Республикасына жарты млн АҚШ доллары көлемінде өтем берді. Қаражат 2021 жылғы 12 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының қазынашылық департаментінің шотына келіп түсті. Өткен жылы әділет министрлігі Ұлттық қор мен Самұрық-Қазынаның активтерін заңсыз бұғаттауға байланысты Стати ісі бойынша республика үшін маңызды шешім шығаруға қол жеткізді. 2020 жылғы 22 сәуірде ағылшын соты Қазақстанның пайдасына шешім шығарып, Ұлттық қордың активтері Статидің талабы бойынша тыйым салынбайды деп қаулы етті. Сот Статиді Ұлттық банкке және Қазақстан Республикасына 3,7 млн АҚШ долларынан астам мөлшердегі сот шығындарын төлеуге міндеттеді. Қазіргі уақытта Нидерландыда, Швецияда, Люксембургте, Бельгияда және Ұлыбританияда орындау процесстері алынып тасталды және тоқтатылды", – деді Алмат Мадалиев.

Қанат Махамбет 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу