Kcell: кірістің өсуі, рекордтық интернет-трафик пен 5G ауқымды инвестициялары

2695

"Кселл" АҚ екінші тоқсандағы және 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысты қорытындылады - операциялық және қаржылық қорытындылар Қазақстан қор биржасының (KASE) эмитенті күнінде ұсынылды.  

Kcell: кірістің өсуі, рекордтық интернет-трафик пен 5G ауқымды инвестициялары Фото: сол жақта - Казбек Шаимов, «Кселл» АО бас коммерциялық директоры; оң жақта - Сабигат Рахметов, «Кселл» АО бас қаржы директоры

Компания негізгі қаржылық көрсеткіштердің өсуін, абоненттік базаның тұрақты кеңеюін және байланыс сапасы мен цифрлық сервистердің қажеттілігіне әсер ететін желіні дамытуға рекордтық инвестицияларды көрсетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"2025 жылдың алғашқы алты айында біз желіні дамытуға 60 млрд теңгеге жуық қаржы салдық, және бұл инвестициялар қазірдің өзінде нәтиже беріп отыр. Қазақстандықтар барған сайын 5G құрылғыларға көшуде, интернет-трафик пен цифрлық сервистерге сұраныс артуда. Корпоративтік сегментте біз IoT пен бизнес-шешімдердің өсуін тіркеп отырмыз, ал FWA үй интернеті үшін жаңа шындыққа айналуда. Бұл үрдістер Kcell стратегиясы жеке және корпоративтік клиенттердің сұраныстарына жауап беретінін растайды", - деп атап өтті "Кселл" АҚ бас қаржы директоры Сабиғат Рахметов.

"Бүгін біз абоненттердіңмінез-құлқындағы елеулі өзгерістерді байқап отырмыз: 5G қосылған құрылғылар бірнеше есе көп трафик беріп, жаңа өсім көзін қалыптастыруда. Орнықты сымсызқолжетімділік (FWA) қарқын алып келеді, клиенттер үйге арналған мобильді интернетті жиірек таңдауда. Бұл ретте Отбасылық тарифтер ақша үнемдеуге мүмкіндік беріп,күнделікті өмірде ыңғайлы сервистерді ұсына отырып, адалдықтың маңызды драйвері болып қала беруде. Корпоративтік сегмент тұрақты серпінді көрсетуде. Бұл трендтер нарықтың жаңа цифрлық шешімдерге дайын екендігінің дәлелі болып отыр", - деп түсіндіріпөтті "Кселл" АҚ Бас коммерциялық директоры Қазбек Шаимов.

Қаржылық көрсеткіштер

Екінші тоқсанда Kcell-дің жалпы кірісі 64,5 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,1% -ға артық. Сервистік кіріс негізгі драйверге айналып, 53,4 млрд теңгені (+ 8,1%) құрады. Клиенттер цифрлық сервистер мен интернет-қызметтерді белсенді пайдалануда, бұл нарықтағы ағымдағы үрдісті көрсетеді.

Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жалпы кіріс 124,8 млрд теңгеге жетті (+ 4,2%), сервистік кіріс + 4,6% көрсетіп, 102,8 млрд теңгені құрады. EBITDA 47,6 млрд теңгеге дейін өсті (+ 5,9%).

Осылайша, инвестициялардың жоғары деңгейіне қарамастан, компания пайданың оң динамикасын сақтап қалады.

Операциялық көрсеткіштер

Kcell абоненттік базасы 8,1 млн-нан асты (+ 6,6%). Интернетті тұтынуда да жылдам өсу байқалды: трафик 630 ПБ (+32,6%) жетті.

Орташа есеппен бір Kcell клиенті айына 20 ГБ деректерді пайдаланады (жылына + 39,9%). Бұл бейнесервистердің, стримингтің және мобильді қосымшалардың танымалдылығының артуымен байланысты. Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша ARPU небәрі 0,75%-ға қысқарып, 2 121 теңгені құрады - бұл сегментте неғұрлым сұранысқа ие сервистер мен опцияларға толы Отбасылық тарифтердің белсенді ілгерілеуі жалпы ARPU төмендеуінің бір факторы болды. Мысалы, акционерлік кезең аясында отбасының бір мүшесіне тарифке қатысу құны айына бар болғаны 1 428 теңгені құрайды. Қосымша пайдаланушылар коммуналдық қызметтерге (20%) және көлікке (100%) кэшбэк, сондай-ақ таксиге, самокаттарға, онлайн-кинотеатр мен музыкалық сервистерге тиімді қолжетімділікті қамтитын Яндекс + сервисіне тегін жазылымға ие болды.

Инвестициялар және желі

Kcell желіні ауқымды жаңғыртуды жалғастыруда. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында компания инфрақұрылымды дамытуға 59,5 млрд теңге салды. Инвестициялардың кіріске шаққандағы үлесі 47,3% -ды құрады, бұл ұзақ мерзімді дамудың басымдығын көрсетеді.

2023 жылдан бастап 2025 жылға дейін Kcell 1 846 базалық 5G станциясын салды, оның ішінде 2025 жылдың екінші тоқсанында 143 жаңа сайт бар. Өңірлерге ерекше назар аударылуда: 1 жартыжылдықта ғана ауылдарда 475 базалық станция іске қосылды, оның 69-ы "250 + жобасымен" қамтылған.

Бүгінде Kcell желісінің 3G жабыны 93,26%-ды құрайды, 4G желісі 80,78% үшін қолжетімді, ал бүгінгі таңда ел халқының 48,84% -ы 5G желісін пайдалануда. Бұл сандар ел тұрғындарының жартысы жаңа буын байланысын пайдалана алады дегенді білдіреді.

5G коммерциялық көрсеткіштері

5G таралуы тұтыну моделін өзгертеді. Бүгінде желідегі құрылғылардың 32,1% -ында 5G бар, ал абоненттер 4G пайдаланушыларына қарағанда 232% -ға көп трафикті тұтынады. Бұдан басқа, 5G пайдаланушылардағы ARPU 4G абоненттермен салыстырғанда 180% -ға жоғары. Бұл клиенттердің байланыстың жоғары жылдамдығы мен тұрақтылығы үшін көбірек төлеуге дайын екендігін растайды, ал 5G енгізу компания үшін жаңа өсім көзіне айналуда.

B2B: бизнеске арналған цифрлық шешімдер

Kcell корпоративтік бағыты тұрақты өсімді көрсетіп отыр, бірінші жартыжылдықта B2B түсімі 7% -ға артты. Басты драйверлер IoT-шешімдер (+ 32%), сондай-ақ Big Data және бұлтты өнімдерді қоса алғанда, бизнес-сервистер (+ 90%) болды.

Astana Hub-пен серіктестікте компания бизнес үшін инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырады және "Tandau" сияқты жаңа тарифтерді іске қосады. Бұл тариф 5G-ге басым қолжетімділікті және корпоративтік нөмірлерді басқарудың икемді шарттарын ұсынады.

FWA: үйге арналған 5G-интернет

Орнықты сымсыз қолжетімділік (FWA) нарықта сенімді орын алды. Екінші тоқсанда пайдаланушылар саны 8,6% -ға өсті, сегменттің кірісі 18,6% -ға ұлғайды. Клиенттердің негізгі бөлігі Алматы (37%), Шымкент (20%) және Астана (17%) қалаларында шоғырланған. Бұл ретте бір FWA-пайдаланушының деректерді орташа тұтынуы 14% -ға ұлғайды, бұл қызметтің жоғары қажеттілігін растайды.

Мобильді қаржылық сервистер

Мобильді қаржылық сервистер сегменті 2025 жылғы 2-тоқсанда ең жоғары өсу қарқынының бірін көрсетеді. Пайдаланушылар саны 43% -ға, операциялар саны 36% -ға, ал сегменттің кірісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% -ға өсті. Өсу микро төлемдер спектрінің кеңеюімен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың танымалдығымен түсіндіріледі. Kcell клиенттері үшін ұялы телефон тек байланыс құралына ғана емес, сонымен қатар толыққанды қаржы құралына да айналып отыр.

Фото: Арнай Ормаш

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу