KEGOC 20,1 млрд теңге дивидент төлейді

3882

Компанияның шоғырландырылған таза кірісі 26,2 млрд теңгені құрады.

KEGOC 20,1 млрд теңге дивидент төлейді

KEGOC АҚ қарапайым акцияларының құны осыдан 3 жыл бұрынғы шекті көрсеткішіне жетіп, 1575 теңгені құрады. Жыл басынан есептейтін болсақ, компанияның қарапайым акциялары 13%-ға қымбаттады.

Таяуда өткен акционерлердің жалпы жиналысында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы таза кірістің 80%-ын қарапайым акция иелеріне дивидент түрінде үлестіру туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, қарапайым бір акцияның дивиденді 80,53 теңге. Компания 20,1 млрд теңге дивидент төлеуді жоспарлап отыр. Дивидент 2018 жылдың 12 желтоқсанынан төлене бастайды.

"KEGOC акциялары құнының өсуін заңдылық деп білеміз. Себебі компания инвестициялық бағдарламасын жүзеге сәтті асырып, валютадағы қарызын қысқартуға күш жұмсап жатыр. Сәйкесінше, компанияның валюталық тәуекелі азаюда. Компанияның қазіргі тариф саясаты оған қарызынан ешқандай қауіп-қатерсіз құтылуға мүмкіндік беріп, инфрақұрылымын жаңғыртуға жағдай жасап отыр. Акция иелеріне 80,53 теңге көлеміндегі дивидент әжептеуір кіріс әкеледі. Бұл KEGOC-тің қарапайым акцияларын сақтау пайдалы деген сөз", – деді DAMU Capital Management компаниясының бас директоры Мұрат Қастаев.

Компанияның 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы аралық қаржы есебі шоғырландырылған таза кіріс 26,2 млрд теңгені құрағанын көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға көп көрсеткіш.  

KEGOC есептік кезеңде жалпы және әкімшілік шығындарды 5%-ға қысқартты. Осының есебінен компанияның қаржылық жағдайын дұрыстап алды.

Қанат Махамбет

Telegram
ПОДПИСЫВАЙТЕСЬ НА НАС В TELEGRAM Узнавайте о новостях первыми
Подписаться